RU
Алматыда темекі шегуге шыққан қария із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда темекі шегуге шыққан қария із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда альцгеймер ауруына шалдыққан қария жоғалып кетті. Сағат 10:00 шамасында темекі шегуге шыққан ол, үйіне әлі келмеген деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

Есімбеков Қанат Алматы қаласындағы Төле би – Розыбакиев көшесінде өз әйелімен бірге тұрады. 79 жастағы ер адам аса ауыр дертке шалдыққан. Оның кесірінен ұмытшақтық жиі көрініс табады.

Алайда, үйге барар жолды ұмыту бұрын соңды болмаған көрінеді. Әдетте, шылым шегіп үйге кіретін қария, 19 наурыз күні қайтып оралмаған.

Қолында не құжаттары, не ұялы телефоны да жоқ қарияның қайда және не үшін кетіп қалғаны белгісіз болып отыр.

Жоғалып кеткен атайдың туыстары полицияға әлі де хабар бермеген. Өзі қайтып келеді деген бір үміт бар дейді олар.

"Есімбеков Қанат ешкімге зияны жоқ, ақкөңіл адам. Ол сағат 10:00 шамасында Төле би-Розыбакиев аумағында жоғалып кетті. Үстінде ашық түсті сырт киім мен қара шалбар болған. Оны көріп қалған адамдар болса мына +7 747 978 10 48 ұялы телефонына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз", - деліген желіде таралған хабарламада.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
5
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel