RU

Әйгілі Месси жаңа рекорд орнатты

Каталониялық "Барселона" Испания біріншілігінің 29-турында бильбаолық "Атлетик" клубын жеңді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лионель Месси. Фото: 101greatgoals.com
Лионель Месси. Фото: 101greatgoals.com: UGC

Барселонаның "Камп Ноу" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Голдарды Пако Алькасер (8-минут) және Лионель Месси (30-минут) соқты.

Бұл аргентиналық шабуылшы үшін биылғы маусымдағы 25-голы болды. Осылайша ол Испания біріншілігінде тоғыз маусымда қатарынан 25 гол соққан жалғыз футболшы атанды.

Ал мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания біріншілігінде сегіз маусым қатарынан гол соғып, биыл Мессидің рекордтын қайталауы мүмкін. Қазіргі уақытта португалиялық шабуылшының еншісінде 18 гол бар.

Үшінші орында "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Уго Санчес орналасқан. Ол қатарынан төрт маусымда 25 голдан соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722402-jgili-messi-zaa-rekord-ornatty.html