RU
63 жастағы азамат сотқа өзінің тірі екенін дәлелдей алмай қор болды
Жаңалықтар Әлемде

63 жастағы азамат сотқа өзінің тірі екенін дәлелдей алмай қор болды

Рассказать Вконтакте

Румыниялық азамат Констатин Релиу өзін марқұмдар тізімінен алып шықпақ болып сотқа жүгінген. Алайда, сот өз шешімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Өзінің тірі екенін дәлелдемекші болған Константиннің арызын сот қайтарып салды. Оның марқұмдар тізімінде болғанына көп уақыт өтіп кетсе керек.

Сот өкілінің айтуынша, 63 жастағы ер адам енді ештене істей алмайды. Өйткені ол бұл іс-әрекеттерді тым кеш бастаған.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1992 жылы Түркияға аттанған Константин өз отбасымен байланысқа мүлдем шақпаған. Нәтижесінде, күйеуінен хабар ала алмаған Константиннің жұбайы оның қайтыс болу куәлігін 2016 жылы алды. Құжат бойынша ол 1999 жылы Түркиядағы жер сілкінісінде көз жұмған.

Түрік билігі құжаттарының мерзімі өтіп кеткен бөтен ел азаматын тауып алған соң, оны Румынияға қайта аттандырады. Алайда, туған еліне оралған Константин өзінің марқұмдар тізімінде екенін білгенде қатты таңғалған.

Сот шешімі заң бойынша өзгеріссіз қалмақ. Константин Релиудің ендігі күні қандай болары белгісіз.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір