RU
Әйелді ажырасуға итермелейтін соңғы қадам қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Әйелді ажырасуға итермелейтін соңғы қадам қандай?

Рассказать Вконтакте

Өмірде ерлі-зайыптылар түрлі себептермен тіл табыса алмай, жолдары екіге айырылып жатады. Түрлі елде тұрса да, отбасында кездесетін мәселелер ұқсас келеді. Осы орайда mixnews.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ійелдерге ажырасу туралы шешімді қабылдатқан оқиғаларды назарға ұсынады.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Ингрида 41 жаста

"Менің күйеуім ішуді бастады. Кейінірек онысын жиілетіп, мені қорлайтын болды. Барлығы өзгеретін шығар деп күттім, дегенмен ештеңе де жақсарған жоқ.

Біз ұрыс-керіссіз, айқай-шусыз айырылыстық. Қызым да кішкентай болды. Күйеуім артымнан келген жоқ және қайта оралуымды сұрамады да. Сондықтан болар, ажырасу мен үшін қиын болды.

Дегенмен қазір өкінбеймін, айырылысқаннан кейін сүйікті жұмысыммен айналыса бастады, ал күйеуіммен дос ретінде араласып тұрамыз. Қызым әкесін көріп тұрады"

Ирина 44 жаста

"Неге ажырасқаным туралы ұзақ ойландым, мүмкін біздің арамызда махаббат болмаған шығар. Мен жұбайммен 17 жасымда таныстым. Ол 25 жаста болатын. Бәлкім ол маған ешқашан болмаған әкемді айырбастаған болар.

Мен есейген соң, өмірлік серігіме деген талаптарым өзгерді. Ажырасудан кейін несие алдым, күйеуім алимент төлеуден бас тартты, пәтерімнен айырылып қалу қауіпі төнді.

Дегенмен, өкінбеймін. Қазір екінші рет тұрмыс құрдым, екі балам бар, өте бақыттымын"

Оля 32 жаста

"Күйеуім мен екінші балама жүкті кезімде көзіме шөп салды. Мен оны кешіре алмадым. Сол кездегі қауқарсыз күйім әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Менің қателіктерімді қайталамандар қыздар, барлық берілген уәделер орындалмады.

Бүгінде ажырасқаныма үш жыл өтті. Менің тұрақты жұмысым бар, екі баланың бақытты анасымын"

Олеся 38 жаста

"Біз жай ғана кездесіп жүрдік, сосын айырылысуға бел будық. Бірақ менің аяғым ауыр болып қалғандықтан, екеумізге үйленуге тура келді. Дегенмен отбасылық ұрыс-керістер жалғаса барді, онымен қоса күйеуім көп ішетінді шығарды. Жарты жылдан кейін ажырасып кеттік, екеуміз де екінші рет отбасын құрмадық.

Күйеуім өзін нағыз еркекке сай көрсетті. Сыртымнан өсек айтпады. Бес жыл бойы ажырасқаныма мүлде өкінбедім. Бірақ қазір балама қараған сайын оған нағыз отбасын сыйлай алмағаным үшін қатты өкінемін.

Менің ойымша, біз бір-бірімізге қамқор болсақ некемізді бұзбас едік. Бірақ, мен алқаш еркекпен бірге өмір сүре алмас едім"

Яна 42 жаста

"Біз толығымен бір-бірімізге қарама-қарсы адамдар едік. Ол үнемі "сен семізсің", "сен ақымақсың", - деп қорлайтын.

Сосын ол менің мұрнымды бұзды, операциядан кейін беті бүлк етпестен, "сенің тісінді сындыруым керек еді", - деп айтты. Осы оқиғадан кейін мен екі баламмен және екі чемоданмен үйден кетіп қалдым.

Қазір өте бақыттымын, себебі менің жанымда мені шын сүйетін еркек бар"

Илзе 30 жаста

"Мен күйеуіммен жақында ғана айырылыстым. Біз ешқашан ұрыспайтынбыз, керісінше жақсы достар едік. Отбасында бір-бірімізге жақын туысымыз сияқты қарайтынбыз. Сондықтан болар, мен оны еркек ретінде қабылдай алмадым. Тіпті, оның анасына айналып кеткендей сезімде болдым.

Күйеуім менің інім немесе балам сияқты болып қалды. Мұндай кезде онымен сүйісудің өзі ынғайсыз еді. Бұл некеге "жоқ" деп айту өте қиынға соқты. Себебі ең жақын адамыңды жоғалтқандай боласың. Дегенмен, еш өкінбеймін"

Сіздің реакцияңыз
6
0
5
3
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel