RU
Қабірге кіру 55 мың теңге: Алматы тұрғыны атасын жерлей алмай дал болды
Жаңалықтар Қоғам

Қабірге кіру 55 мың теңге: Алматы тұрғыны атасын жерлей алмай дал болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ, мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтқан. Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойғыпты. Ал, амалы таусылғандар, мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткендерін айтады деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

"Таңнан бері әлі жүрміз. Өзіміз адамдарымызға қаздырайық десек рұқсат жоқ", - деп ашынды марқұмның туысы Мансұр Иниятұлы.

Қара жамылған шаңырақ мүшелерінің сөзіне сүйенсек, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания 55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген.

Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы табатындай шамасы болмағандықтан, қандай шара қолданарын білмейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған.

"Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе, қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне. Сосын ағайындар ішіне топырақ салады. Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой", - дейді марқұмның туысыы Рысбек Тоқтасынұлы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
7
5
10
2
6
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel