RU
Жаркенттік әйел дәріханада екпе салдырып қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Жаркенттік әйел дәріханада екпе салдырып қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысына қарасты Жаркент қаласында 52 жастағы колледж мұғалімі дәріханада екпе салдырып жатып қайтыс болған. Жақындарының айтуынша, ол бірер күн бұрын ғана ауруханада емделіп шыққан екен деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Белгілі болғандай, марқұмға Гордокс атты дәрі егілген екен. Аллергиялық әсері бар болғандықтан, ол препарат тек дәрігердің бақылауымен ғана берілуі керек болған.

Марқұм осыдан күні бұрын ғана ауруханадан емделіп шыққан екен. Десе де, дәрігерлер науқасты құлан-таза сауықтырғанбыз деп ант-су ішкен.

Ал колледж мұғалімі ем іздеп келген дәріхананың оң жағы дүкен, сол жағы кәуапхана екен. Ал осы оқиғадан кейін дәріханашыларға жаппай ескерту жасалған екен.

Екпеден қайтыс болған колледж мұғалімінің артында күйеуі мен бала-шағасы қалды. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті. Десек те, аузына қара құлып салынған дәріхана жақын күндері ашылып қалуы мүмкін. Өйткені, марқұмның туыстары оған шағымданып, сотқа жүгінуден бас тартып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
11
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір