RU
Өте қауіпті ем: Дәрігерлер халықты хиджама жасатпауға шақырды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Өте қауіпті ем: Дәрігерлер халықты хиджама жасатпауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Қазіргі кезде хиджама жасатып, қан алдыру арқылы аурудан айығуға болады дегенге көп адам сенеді. Алайда Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев ғылыми дәлелденбеген емге қарсылық білдірді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Ақтөбеде адамдардың үйіне барып, хиджама жасайтын дін өкілдері көбейген. Бұл жарнаманы кез келген әлеуметтік желіден көруге болады. Құны 5 мың теңге болатын қызмет түрі медицинада дәлелденбеген, санитарлық талап сақталмаған соң қауіпті көрінеді.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқамасының басшысы Әсет Қалиев үй жағдайында қан алдыруға қарсылық білдіріп, тұрғындардың арыз-шағымы түспей тексеру болмайтынын жеткізді.

"Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы лицензиясы бар медициналық емдеу мекемесімен жұмыс істейді. Қазіргі кезде хиджама тексерілмейді. Ешқандай ғылыми дәлелі жоқ, емнің тиімділігі нақтыланбаған. Сондықтан мен тұрғындарға хиджама жасатпауға кеңес беремін. Бірақ бұл қазір жеке бизнеске айналған. Арыз-шағым болмаса, барып, тексеру жүргізе алмаймыз",- деді Әсет Қалиев.

Өңірде хиджамадан соң ауруы асқынып, қайта ем алған адам тіркелмепті. Осыған қарамастан, дәрігерлер бұл емді өте қауіпті деп отыр.

"Қанға, ашық жараға инфекция тез жұғады. Тіпті, адам емделемін деп В, С гепатиттеріне шалдығуы мүмкін. Қан алған кезде травматикалық шок болуы да ықтимал. Ол жерде санитарлық норма сақталмаса, жағдай оңай болмайды. Қан алдыратын орында реанимациялық жабдықтардың бәрі болуы тиіс",- деп ескертті Әсет Қалиев.

Сіздің реакцияңыз
3
3
5
1
15
22
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel