RU
«Nokia» маркалы телефоны жарылған ару сол жерде қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде

«Nokia» маркалы телефоны жарылған ару сол жерде қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Үндістанда «Nokia» маркасындағы телефонмен сөйлесіп тұрған ару, оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Nokia» маркалы телефон жарылған ару сол жерде қаза тапты

«Nokia» маркалы телефон жарылған ару сол жерде қаза тапты

Daily Mail-дің хабарлауынша, оқиғадан соң бойжеткен қатты күйік алып, есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел-жәрдем қызметкерлері келіп жеткенімен, ешқандай көмек көрсете алмаған.

18 жастағы Ума Орам өзінің телефонын тоққа қосқан күйінде сөйлесуді жалғастыра берген. Алайда аяқ астынан туындаған жарылыстан ол есінен танып қалған.

Бойжеткеннің қолдары мен аяқтары, кеудесі, беті қатты күйген. Ағасының айтуы бойынша, қаза табушы пайдаланған телефон 2010 жылы шыққан Nokia 5233 маркалы екен. Қазір, компания қызметкерлері Ума Орамның отбасына көңіл айтқан.

Айта кетейік, оқиғаның мән-жайы тексерілу үстінде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
4
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel