RU
Халыққа төрт баласын көрсеткен Қайрат Нұртас ән кешін дүркіретіп өткізді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Халыққа төрт баласын көрсеткен Қайрат Нұртас ән кешін дүркіретіп өткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас өзінің отбасылық концертін Астана қаласында дүркіретіп өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас Астанадағы отбасылық концертін дүркіретіп өткізді (видео). Фото: Instagram

Қайрат Нұртас Астанадағы отбасылық концертін дүркіретіп өткізді (видео). Фото: Instagram
Source: UGC

Әншінің жеке кешінде інісі мен келінінен басқа отбасы мүшелерінің барлығы өнер көрсеткен.

Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың төрт баласы да сахнаға шығып, халыққа таныстырылды.

Бұл жайында концертке барған тыңдармандар желіде бөлісіп жатыр.

Сондай-ақ елімізге белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Уау, концерттен ләззәт алды деген осындай болатын шығар. Отырып, ұзақ билеген кешім осы болды. Қайрат Нұртас Астанадағы көрермендеріне ұл-қыздарын, келіншегін таныстырды, отбасылық концерт берді. Бұл отбасыда ән айтып сахнаға шықпаған тек інісі Аян мен келіні екен. Әке-шешесі, інісі Заңғар, өз отбасы бәрі бәрі неткен талантты. Құдай-ай кішкентай Хан сахнаға шығып билегенде құладым ғой. Нарұлдың өзі бір төбе. Міне, Жұлдыздың он жыл ұлдың да қыздың да тәрбиесімен мұқият айналысқаны көрініп тұр», - деп жазды Instagram парақшасында.

Ал Жұлдыз Әбдікәрімованың фан парақшасында аталмыш кештен видеоларды үздіксіз жүктеп, көпшілікпен бөлісіп отырды.

Сіздің реакцияңыз
39
2
5
6
2
58
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel