RU
Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жастағы жеткіншек аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жастағы жеткіншек аман қалды

Рассказать Вконтакте

"Павлодар – Астана" бағатында қатынайтын темір жолда электр пойыз 12 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Investing.com Canada

Көрнекі фото: Investing.com Canada

Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан. Сол сәтте бұрылыстан "Павлодар – Астана" бағытындағы электр пойыз шыққан.

Соққы салдарынан бала шетке құлап түскен, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.

"Ол жедел жәрдем арқылы 17-наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді. Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында", - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір