RU
Қазақтың "Анджелинасы" атанған боксшы қыз енді қазақша күресте бағын сынамақ
Жаңалықтар Қоғам

Қазақтың "Анджелинасы" атанған боксшы қыз енді қазақша күресте бағын сынамақ

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова қазақ күресі ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фируза Шарипова

Фируза Шарипова

БАҚ өкілдері қате ақпарат таратқаннан кейін, Фируза осындай шешімге келген.

"БАҚ беттерінде менің қазақ күресі бойынша кездесу өткізетінім туралы ақпарат шыққан. Бірақ мұндай жоспарымда болмады. Басылымдар менің Сингапурдағы бокс кешімді дұрыс түсінбеген, мұнда жәй ғана қазақ күресінің өкілдері де өнер көрсетеді. Бірақ бұл жаңалықты оқып, неге қазақ күресі бойынша жекпе-жек өткізбеске деген ой келді. Маған ұлттық күресіміз ұнайды. Жаттығу жасап, турнирлердің біріне қуана қатысамын. Маңыздысы, кәсіпқой бокстағы мансабыма кедергі келтірмесе болғаны", - деді Шарипова.

Фирузаның айтуынша, оның менеджері Сергей Завилейский қазақ күресі бойынша турнирлердің біріне қатысу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel