Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кек сақтамаймын: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді

Опубликовано:

Күні кеше Тұрсын Алагөзовті туған баласы үйінен қуып шыққысы келіп, сотқа арыз түсірген болатын. Ал бүгін Арсен Алагөзовке әкесі жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тұрсын Алагөзов өзін соттатпақ болған ұлына жауап қайтарды
Тұрсын Алагөзов өзін соттатпақ болған ұлына жауап қайтарды: UGC

Тұрсын Алагөзов ұлына Instagram желісі арқылы жауап қайтарды.

«Мен саған ешқандай кек сақтамаймын, Арсен. Уақыт өте келе сен өз ісіңді түсінесің деген ойдамын. Сен қазір қандай жағдайда болсаң да, мен сені жақсы көремін. Әрдайым саған көмек көрсетуге дайынмын. Бірақ, бұл жәй ғана үй ғой. Оны сатып алуға немесе ауыстыруға болады. Ал ұяты мен ары бар адам бұлай жасамаса керек. Осыны есіңде сақта, балам!» - деп сөзін аяқтады ол.
Тұрсын Алагөзов өзін соттатпақ болған ұлына жауап қайтарды
Тұрсын Алагөзов өзін соттатпақ болған ұлына жауап қайтарды: UGC

Айта кетейік, оқырмандар әлеуметтік желі арқылы жауап қайтарған Алагөзовті сынға алды. «Желі арқылы жауап қайтарғанша, хабарлассаңызшы», «Ұлыңыз ғой. Бұлай пиар жасаудың керегі не?» деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722446-kek-saktamajmyn-trsyn-alagzov-zin-sotka-bergen-lyna-zauap-berdi/

pixel