RU

Түркіменстанның сегіз қырлы президенті әйелдерге естен кетпес сый жасады

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов әйелдерді мерекесімен құттықтап, бейнебаян түсірген деп хабарлайды centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркіменстан президенті әйелдерге естен кетпес тосын сый жасады (видео). Фото: Открытая Азия
Открытая Азия: UGC

Бұл 17 наурыз күні мемлекеттік арнадан көрсетілген. Ресми басылымдардың хабарлауынша, бұл 8 наурызда халықаралық әйелдер күні қарсаңында болған концерт. Оған елдің барлық аймағынан қоғамда жетістікке жеткен әйелдер, көп балалы аналар шақырылған.

"Бұл күні әйелдерге жасалған нағыз сыйлық ұлт лидері Гурбангулы Бердімұхамедовтің орындауындағы ән болды. Оны әйелдер бейнебаян арқылы көре алды", - деп атап өтеді жергілікті басылымдар.

Айта кетейік, осыған дейін де Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің музыкалық талантын бірнеше рет көрсеткен. Ол бірінші рет 2010 жылы маусым айында Түркіменбашы қаласында сахнаға шықты. 2011 жылы өзінің туған күнінде "Саған менің ақ гүлім" әнін орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722451-trkimenstanny-segiz-kyrly-prezidenti-jelderge-esten-ketpes-syj-zasady.html