RU
Атақты ғалым өлер алдында адамзаттың қашан жойылатынын болжап кеткен
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Атақты ғалым өлер алдында адамзаттың қашан жойылатынын болжап кеткен

Рассказать Вконтакте

Әйгілі ағылшын ғалымы, физик-теоритик Стивен Хокинг 76 жасқа келіп өмірмен қоштасар алдында басқа да параллель ғаламдар барын айтып, адамзаттың жойылатын күнін болжап кеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Стивен Хокинг соңғы еңбектерінің бірінде көпшілікке параллель әлем ретінде таныс ғаламның өмір сүру үлгісін сипаттап берген. Ол Левен университетінің ғалымы Томас Хертогпенимен бірлесіп жасаған ғылыми еңбегінде ғарышқа ұшу арқылы аталмыш әлемдерді тереңірек зерттеуге болатынын айтқан.

Алайда ғарыш ғалымдарының пікірінше, мұндай әлемдерді зерттеу шамамен 100 жылдан кейін адамзаттың жойылып кетуіне алып келуі мүмкін. Ол уақытта фундаментальді және қолданбалы ғылым қарқынды дамып, адамзат технологиялық тұрғыда баяу дамыған үлгі ретінде жойылып кету қаупі бар.

Айта кету керек, Стивен Хокинг 14 наурыз күні Кембридждегі үйінде 76 жасқа келіп қайтыс болды. Ол бүйір амиотрофиялық склероз дертіне шалдығып, толық дене мүшесі сал болып қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
5
1
5
5
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel