RU
АҚШ өлім жазасының жаңа түрін енгізбекші
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ өлім жазасының жаңа түрін енгізбекші

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та көп ұзамай өлім жазасының жаңа түрі қолданысқа енгізіледі. Яғни, адамның жанын үзудің тың тәсілі қолданылады деп хабарлайды islam.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: usa-24.ru

Көрнекі фото: usa-24.ru

Оклахома штатында алғаш рет газ тәріздес азот өлім жазасына кесілгендерге қолданылатын болды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған штатта ең ауыр жаза – өлім жазасы 2015 жылдан бері тоқтап қалған еді.

Сол кезде өлім жазасы инъекция (улы затты қылмыскердің денесіне егу) арқылы жүзеге асырылған болатын. Бұл өз кезегінде қылмыскерлердің жан төзгісіз азаптан жанталасып жатып көз жұмуына себеп болған еді.

АҚШ-тың көптеген штаттарында өлім жазасының уақытша тоқтатуына улайтын заттардың жетіспеушілігі себеп болған. Өйткені, АҚШ-тағы өлім жазасына қарсы еуропалық елдер препараттарды жіберуден бас тартқан болатын. Сол себепті, АҚШ-та өлім жазасын орындаудың жаңа түрі енгізіліп отыр.

Яғни, газ тәріздес азотты қолдану арқылы. Газ тәріздес азот – ауада кездесетін түссіз, дәмсіз зат. Тек оның өзімен, яғни, оттегісіз тыныстаған кезде адам өліп кетеді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір