RU
Атышулы Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да "зорланды" деп, елді дүрліктірген жеті жасар баланың оқиғасын жасырып қалуға тырысты деп айыпталған Селтановтар отбасы өз пікірілерін айтты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

КТК. телеарнасынан скриншот

КТК. телеарнасынан скриншот

Осыған дейін айтып өткендей, Селтановтар отбасы ОҚО-дағы Абай ауылында абыройлы қызметтер атқарады. Полиция бастығы, мектеп директоры, уролог-дәрігер жергілікті депутатпен туыстық қарым-қатынаста.

Жеті жасар бала оқитын мектепті басқарып келген Бейбіткүл Селтанова қазір үй шаруасымен айналысып жүр. Оны тексеру амалдары аяқталғанға дейін жұмыстан шеттеткен екен.

"Менің үш оқушымды осы қылмысқа қатысы бар деп айыптап жатқанын алғаш рет 14 қаңтарда естідім. Ол бірқалыпты жүретін, есепте тұрмайтын балалар. Орташа бағамен оқиды. Бірі жетінші, қалған екеуі сегізінші сыныпта оқиды. Воллейболға қатысады. Істің мән-жайы белгілі болып, кінәсі толық дәлелденгенше шу көтеріп, мені кінәлаудың қажеті жоқ еді", - дейді әйел.

Бейбіткүл Селтанованың жары - уролог-дәрігер Ералы Селтанов та оқиғаға қатысты даудың ортасында қалды. Балаға зорлық-зомбылық көрсетілмеген деген анықтаманы дәл осы дәрігер берді деген әңгіме шыққан еді.

"12 қаңтарда оны балалар хирургы тексерген. Мен ол баланы тексермек түгілі, өзінің түрін де көрмегенмін. Ол біздің басқа жердегі емханамызда болған", - дейді Ералы Селтанов.

Оқиғаға қатысты 70 жастағы облыстық маслихат депутаты Сапарәлі Селтанов та пікір білдірді. Біршама БАҚ өкілдері осы тұлғаның қызметтік құзырлығынан көптеген істің беті ашылмай отырғанын жазған болатын.

"Менің көзімді құртқысы келетіндер бар деп естідім. Неге? Депутатпын, балам - уролог, келінім - директор, тағы бір ұлым - полиция қызметкері. Сонда олардың жұмыс істеуге құқығы жоқ па? Қазір бұл бала оқиғасы жай ғана желеу болып тұр, түсінесіз бе? Олардың нені қалайтынын білмедім. Бірақ бұл істің артында біреудің тұрғаны анық", - дейді депутат.

Сондай-ақ Селтановтар отбасы аталмыш оқиғаға қатысты өздерін кінәлап, күйе жаққан барлық блоггерлер мен журналистерді сотқа беруді жоспарлап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
3
3
3
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel