RU
Мүдірмей рэп оқыған қазақстандық әнші қызға ресейліктер тәнті болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мүдірмей рэп оқыған қазақстандық әнші қызға ресейліктер тәнті болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Назым Жәнібекова Ресейдің танымал бағдарламасында елді аузына қаратты. Ол көрші елдің «Песни» шоу-бағдарламасында бағын сынауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық әнші өз дауысымен Ресей елін таңғалдырды (видео). Фото: Instagram

Қазақстандық әнші өз дауысымен Ресей елін таңғалдырды (видео). Фото: Instagram

Отандасымыз Jah khalib-тің «Мамасита» әнін үздік орындап, қазылар алқасын таңғалдырған. Бойжеткеннің өнеріне тәнті болған Максим Фадеев, Тимати, Павел Воля секілді төрешілер Назымның келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берген. Нәтижесінде үш төрешінің де оң бағасына ие болған жерлесіміз келесі кезеңге өтті.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында «Қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдіремін! «иә» деген сөздің өзі өміріңді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондай-ақ мен келесі кезеңге жолдама алдым. Бақыттымын», - деп жазды.

Айта кетейік, Назым Жәнібекова бұрын «Altyn Girls» тобында өнер көрсеткен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
47
2
0
6
0
40
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір