RU
Тікелей эфир кезінде диванның артына тығылған қызметкер елді күлкіге қарық қылды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тікелей эфир кезінде диванның артына тығылған қызметкер елді күлкіге қарық қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Би-би-си" телеарнасының Трейси есімді режиссер көмекшісі BBC Breakfast бағдарламасының тікелей эфирі кезінде бейнекамера назарына түсіп қалған. Өзінің кесірінен бағдарлама трансляциясы тоқтап қалмауы үшін ол, жүргізушілер отырған диван артына тығылып қалды деп хабаралайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Daily Mail

Фото: Daily Mail

Бағдарлама барысында диван артына тығылып қалған Трейси қанша тырысқанымен, аяқ киімі бейнекамераға түсіп қалған. Оны байқап қалған бағдарлама жүргізушілері мен студия қонақтары Трейсиге тұрып көрермендерге сәлем жолдауын сұрады.

Ақпарат құралдары бұл күлкілі оқиғамен қалың көпшілікпен бөлісуді ұйғарды. Сәйкесінше, бағдарламанынң Твиттердегі парақшасына қызықты оқиға фрагментін жүктеп қойған.

Бағдарламаның жүргізушісі Дэн Уокер өзінің блогында Трейси әлемге режиссер көмекшісінің қызметін басқа қырынан танытты деп жазды. Оның айтуынша, ол оның батылдығына және осындай күтпеген жағдайда бірден әрекет етуіне тәнті болған.

Фото: Daily Mail

Фото: Daily Mail

Бағдарлама қызметкерлерінің жүктеген видеосын көрген желі қолданушылар күлкіге қарық болып, бейнероликті бір-біріне жібере бастады. Нәтижесінде, атаулы видео интернет кеңістігіне тез тарап кетіп, өзінің оң пікірлерін алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір