RU
Сәбилерінің денесін 10 жыл бойы тоңазытқышта сақтаған әйел сот алдына келді
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Сәбилерінің денесін 10 жыл бойы тоңазытқышта сақтаған әйел сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Францияда 38 жастағы Рамона Канет күйеуінен нәрестелерді жасырмақ болып, олардың денесін 10 жыл бойы тоңазытқышта сақтаған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Белгілі болғандай, тоңазытқыштағы нәресте денесін бірінші болып Рамонаның қызы тауып алған. Өлі нәрестені көрген ол, бірден әкесіне жүгіріп айтып берді. Хуан-Карлос Канет өз кезегінде дереу полицияға хабарласқан.

Нәрестенің тоңазытқышта жатқанына шамамен екі күн өтсе керек. Ол кезде баланың тірі болғаны анықталды. Медициналық тексеріске сәйкес, нәресте дін-аман қалуы әбден мүмкін еді.

Үйді тінту барысында тәртіп сақшылары тағы да төрт нәрестенің денесін тапқан. Балалардың ата-аналарын бірден қамауға алды.

Бастапқыда, Хуан-Карлосқа нәресте денелерін әйелімен біріге жасырды деген айып тағылған. Алайда, артынан оны кінәлі емес деп танып, бостандыққа шығарды.

Хуан-Карлос әйелінің 2005-2015 жыл аралығындағы жүктілігі жайлы ештене білмеген болып шықты.

Оның қорғаушысының мәлімдеуінше, ол Рамонаның істегеніне ашулы емес, дәл қазіргі сәтте оған барынша қолдау көрсетуге тырысып жатыр.

Сот ісі биыл 19 наурызда, нәрестелер денесі табылғаннан кейін үш жылдаң соң бірақ басталды.

Енді Рамонаны өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
8
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір