Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ әншісі тойсыз табысқа кенелудің көзін тапты

Опубликовано:

Отандық әнші тойсыз да табысқа кенелудің жолын тапты. Ол шетелге барып керемет шоу ұйымдастырмақ деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық әнші тойсыз табысқа кенелудің көзін тапты. Фото: svadba.kz
Отандық әнші тойсыз табысқа кенелудің көзін тапты. Фото: svadba.kz: UGC

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің санасында қалыптасқан тойдан табыс табу көзқарасын енді Ғалымжан Молданазар өзгертпек ниетте.

«Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа? Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық», - деді әнші.

Күні кеше Ғалымжан көпшілік көптен күткен күйтабақтың тұсауын кесті. «Молданазардың» жеті тректен тұратын су жаңа үнтаспасы «Есімде бәрі» деп аталады. Бұл, ұжымның топ болып құрылғаннан бергі алғашқы альбомы екен

Айта кетейік, «Молданазар» тобының АҚШ-тағы алғашқы концерті наурыздың 29-күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722524-kazak-nsisi-tojsyz-tabyska-keneludi-kzin-tapty/

pixel