RU

Ақтөбе тұрғындары көктайғақ жолда коньки теуіп көңіл көтерген (видео)

Instagram желісінде Ақтөбедегі ауа-райына байланысты көктайғаққа айналған жолдарда көңіл көтеріп, коньки тепкен жігіттің видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеожазба aktobe_zello парақшасында жариялаған.

"Ақтөбедегі жағдай қысқаша көрініспен", - деп жазған автор.

Оны көрген желі қолданушылары кейіпкердің әрекетіне сүйсініп, кез-келген жағдайда позитивті болу керектігін айтуда.

zhanserik2011: "Біздің қазақ жігіттері өнерлері ғой, жарайсың"

e.katerinapanina: "Тағы бірнеше күн осындай ауа-райы сақталса, бәріміз мәнерлеп сырғанаушы болып кетерміз"

zhangeldikazakbaiuli: "Мына жігітті Олимпиадаға қатыстыру керек екен", - деп пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722541-aktbe-trgyndary-kktajgak-zolda-konki-teuip-kil-ktergen-video.html