RU
Полицейлер британдық жігіттің 260 мың доллар тұратын көлігін талқандап тастады (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Полицейлер британдық жігіттің 260 мың доллар тұратын көлігін талқандап тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Британдық кәсіпкер Захид Ханның 260 мың долларлық Ferrari автокөлігін полиция қызметкерлері талқандаған. Бұл оқиғаны бейнекамераға түсіріп алған ол, өзінің Фейсбук парақшасына жүктеді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Өткен жылдың мамыр айында Захид Хан мінген қымбат Ferrari автокөлігін полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексермек болған тәртіп сақшыларына кәсіпкер куәлігін ұсынудан бас тартты. Нәтижесінде, полицейлер көлікті Бирмингем сотының тұрағына, ал оның иесін полиция бөліміне алып кетуге мәжбүр болды.

Оқиға Англияның батысындағы Уэст-Мидлендс графтығында орын алған.

Бір айдан кейін Захид Хан барлық құжаттарын жинап көлігін алып кетуге келгенде, Ferrari-дің тұрақта жоқ екенін аңғарған. Енді ол көлігінің талқандалғаны үшін Жоғарғы сотқа жүгініп, тиісті қаражатты алуға ниетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір