RU
Қатыгез дәрігер: Нәрестені жұлқылап тексерген маман жұрттың ашуын келтірді (видео)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қатыгез дәрігер: Нәрестені жұлқылап тексерген маман жұрттың ашуын келтірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде нәрестені әрі-бері жұлқылап, буындарын тексерген дәрігердің видеосы тарап, желі қолданушыларының ашуын келтірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желіде тараған видеожазбада нәрестенің буынын тексеріп жатқан дәрігердің оны қаттырақ жұлқылап, аяқтарын созып жатқанын байқауға болады. Тіпті қолына көтеріп алып, белін оңды-солды бұраған.

Видеоны көрген желі қолданушылары дәрігер әрекетіне шошына қарап, баламен қатал қарым-қатынас жасаған деп сөкті. Ал кейбірі керісінше, оны нағыз маман деп қолдаған.

nadejda_pet_hotel: "Сырттай қарағанда бұл дәрігер бір зұлым сияқты көрінгенімен, ол ешқандай артық нәрсе жасап жатқан жоқ. Әрине, барлық адам мұндайға бірдей қарап тұра алмауы мүмкін. Бірақ бұл - сәбиге зорлық көрсету емес. Бала нағыз маманның қолында"

lana14051993: "Мұнда "дәрігер не істеп жатқанын біледі" дегендер бар екен. Сонда да сенім жоқ. Біздің емханада дәрігер бір айға да жетпеген баланың мықынын сындырған. Сондықтан, қанша жерден маман болса да, олардың әрекеті дұрыс деп санамаймын"

kriskakriskiss: Мен өз баламды бұлай жасатып қойып, қарап отыра алмас едім. Бұл сұмдық", - деп пікір қалдырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
10
2
2
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір