RU
Францияның экс-президенті Николя Саркози тұтқынға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Францияның экс-президенті Николя Саркози тұтқынға алынды

Рассказать Вконтакте

20 наурыз күні танымал француз саясаткері Николя Саркозиді қамауға алды. Францияның экс-президентін сот ісіне қысым көрсетті деген күдікпен ұстаған деп хабарлайды Газета.Ру-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Николя Саркозиді 20 наурыз күні Нантер қаласында ұстаған.

Оған қатысты, 2007 жылғы сайлауалды кампаниясы кезіндегі заңға қайшы әрекеттері бойынша тергеу жұмыстары басталған болатын. Солардың қалай өрбіп жатқанын Николя Саркози өз беделін қолданып, сот органдары арқылы білмекші болған деген күдік бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының айтуынша, мұндай масштабты оқиға заманауи Франция тарихыеда алғаш рет көрініс тауып отыр.

Экс-президентке қатысты қылмыстық іс 2012 жылы басталған. Алайда тергеуді біраз уақытқа шегеріп, 2017 жылы ол қайта қолға алынды. Ол кезде оған алдын ала кінәраттар белгіленген.

Ол дегеніміз, француз сот процедурасы Саркози жасаған қылмыстың шынымен болғанын растайтын қажетті дәлелдерді тапқанын аңғартады.

Айта кетейік, Николя Саркози 2007-2012 жылдар аралығында Франция президенті болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel