RU
ОҚО-дағы баласын өлтірген қарт әйел туралы жаңа деректер пайда болды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

ОҚО-дағы баласын өлтірген қарт әйел туралы жаңа деректер пайда болды

Рассказать Вконтакте

ОҚО Ақсукент ауылында баласын өлтірді деген күдікке ілінген 83 жастағы қарт ананың көршілері оның өте жуас әрі қайырымды жан екенін айтуда деп хабарлайды Отырар телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Сайрам аудандық ІІБ 15 наурыз күні анасынаң қолынан қаза тапқан 55 жастағы азамат оқиғасын тексеруде. Зейнеткер қылмысты жасаған соң полицияға өзі хабар берген.

Әжейдің өз ұлын өлтіргенін естіген көршілері жағаларын ұстап қалған. Тіпті, полицейлерге оның қандай жақсы адам екенін айтып, ұжымдық өтініш жасағысы да келген екен.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

"Әжей өте жақсы адам болып көрінетін. Үнемі сәлімдесіп, жағдай сұрасатынбыз. Оны баласы ұратынын білмеппіз. Тек осы оқиғадан кейін ғана естідік. Полицейлер келіп, марқұмның денесін алып кеткен. Одан кейін не болғанын білмейміз", - дейді көршісі Анна Зиновьева.

Белгілі болғандай, қылмыскер атанған зейнеткерді ұлы үнемі таяқтың астына алып келген. 15 наурыз күні де сол әрекетін қайталаған соң, таяқ жеп қалған ана үйінің маңындағы дүкенге барып, тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Анасының полицейлерге ұстап бергенін кешіре алмаған азамат тәртіп сақшылары кете салысымен, оны қайта ұрып тастайды. Ұлының жұдырығынан қорғанбақ болған зейнеткер ас үйдегі пышақты оған үш рет сұғып алған.

Қазір Сайрам аудандық ІІБ оқиғаның мән-джайын тексеруде. Ал зейнеткер үй қамағында отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
3
15
2
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel