RU
Айсәуле Бақытбек еліміздегі "байдың балаларын" сөгіп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Айсәуле Бақытбек еліміздегі "байдың балаларын" сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасына байлықта өмір сүріп жатқан жастар туралы пост жариялады. Онда ол байдың балаларының қоғамға тигізіп жатқан кері әсері жайлы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Айсәуленің айтуынша, қазіргі қоғамда ауқатты отбасында өмірге келе тұра қарапайымдылықты сақтай білу фантастикаға айналған.

«Туыла сала қопарылып жатқан байлықта өмір сүріп жатқандар қатарына ену үшін, мен отандық телеарналар есігін теуіп кіріп, полиция қызметкерлерінің бетіне түкіріп қана қоймай, мектепте нағыз бұзақы болуым керек сияқты ғой», - деп кесіп айтты Айсәуле.

Қазақстандағы байдың балаларының бүгінгі күні осындай дейді бойжеткен. Олардың басқалардан бөлек өз заңдары бар. Қарапайым халықтың заңына олар мүлдем бағынбайды.

Айсәуле көпшілікті бұл құбылыстың көзін жойып, оның одан бетер шарықтап кетуіне жол бермеуге шақырды. Ол үшін әркім өзінен бастауы керек дейді ол.

Оған қоса танымал продюсердің қызы өзінде туындаған мәселелерді, ол ата-анасының беделінсіз-ақ өз бетінше шешуге тырысып келеді. Қыздарының бұл қылығын ата-анасы да қолдаса керек.

Бойжеткеннің кезекті жазбасы оқырмандар арасында қызу талқыға ұласқан. Көбісі Айсәуленің бұл пікіріне өз қолдауларын білдіріп жатса, арасында «боқтық сөздерінсіз жазуға болатын еді» деп айтқандар да болды.

Ал кейбір оқырмандар, бұл жазбаның Тұрсынғали Алагөзовтың ұлына жолданған деп болжамдады. Алайда, Айсәуле бұл пікірді бірден жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл пост екі ай бұрын жазылса керек. Ал Турсенғалидің жеке ісіне ол мүлдем араласпаймын деді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
5
0
0
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel