RU
Министр елімізде хиджамаға тыйым салынбайтынын мәлімдеді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Министр елімізде хиджамаға тыйым салынбайтынын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел аумағында хиджама жасатуға тыйым салынбайтынын айтты. Ол аталмыш емді халық медицинасына теңеп отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Елжан Біртанов. фото: bnews.kz

Елжан Біртанов. фото: bnews.kz

"Яғни, бұл әдіс кепілдендірілген, ғылыми дәлелденген медициналық қызмет түріне жатпайды. Оны Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отырады", - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Елжан Біртанов мұндай жағдайда "тексерілмеген және көбінесе қауіп тудыратын ем түрлері үшін барлық жауапкершілікті азаматтардың өзі алатынын" атап өтті.

"Әзірге бұл салаға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы жоспарымыз жоқ", - деді министр.

Еске салсақ, соыған дейін Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев хиджаманы ғылыми дәлелденбеген ем деп атап, оны жасатуға қарсылық білдірген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel