RU
Алматыдағы метро машинисі қоршалған тіреуішке соқтығысып қалды (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыдағы метро машинисі қоршалған тіреуішке соқтығысып қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының оқырманы редакцияның +7 747 535 12 9 WhatsApp нөміріне фото мен хабарлама жіберіп, метроның жол бекітілген тіреуішке барып соқтығысқанын жеткізген.

Фото NUR.KZ оқырманынан

Фото NUR.KZ оқырманынан

Метрополитен баспсөз қызметі аталмыш оқиға туралы түсіндіріп берді.

"19 наурыз күні электрдепоны тұраққа қою бойынша маневрлік жұмыстар жүргізіп жатқанда, машинистің ойы бөлініп, қоршаулы тұрған темірге соқтығысқан. Бұл оқиға апат санатына жатпайды, ол - жұмыс барысындағы ақау болып табылады.

Тексеру барысында техниканың бамперніне зақым келгені анықталды. Электр жылжымалы құрамы техникалық жөндеу жұмыстарын талап етеді. Оған кететін шығын көлемі алдағы уақытта анықталады. Бір аптаның ішінде барлығы қалпына келтіріледі.

Метрополитен жұмысы тоқтаған жоқ. Бұрынғысынша өз уақытымен жүріп отыр", - дейді метрополитен қызметкерлері

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel