RU
Түркиядан келген қандасымыз айына 3 мың доллар төлемеген жерлестерін сотқа берді
Жаңалықтар Қоғам

Түркиядан келген қандасымыз айына 3 мың доллар төлемеген жерлестерін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркиядан Қазақстанға ауысып, таэквондодан ел намысын қорғап жүрген спортшы Жансель Дениз отандық федерацияны сотқа берді. Ол келісімшартты заңсыз бұзғаны үшін сотта ақша өндіріп алды деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жансель Дениз

Жансель Дениз
Source: UGC

Танымал спортшы федерацияны сотқа беріп, 24 млн теңге талап еткен. Алайда, судья келісімшарттың бұзылуын заңды деп шешіп, талап етілген соманың бір бөлігін ғана төлеткізді.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылы спортшы мен еліміздің тхэквондо федерациясы келісімшарт жасасқан. Дениз ұлттық құрама сапына алынып ел намысын қорғауға келісім берді. Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда оған ай сайын 3 мың доллардан төлену керек еді.

Рио Олимпиадасындағы сәтсіздік үшін 2016 жылдың тамыз айында федерация Жансельмен келісімшартты бұзды.

Спортшы қыз келісімшарттың біржақты бұзылуын заңсыз деп тануды өтініп, сотқа шағымданған.

Астанадағы Есіл аудандық соты спортшының арыз-шағымын құптап, федерацияны 8,7 млн теңге өтеуге міндеттеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel