RU
Махаббат қонақүйіне келген әжей алты жасар немересін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Махаббат қонақүйіне келген әжей алты жасар немересін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Гонконгтағы қонақүйлердің біріне әжесімен келген алты жасар бүлдіршін белгісіз себептермен қайтыс болған деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

52 жастағы әйел немересін аралдағы экскурсиясына өзімен бірге ала шыққан. Біраз уақыт өткен соң шаршағандықтан, кездесу қонақүйінен бөлме жалдайды.

Түскі уақытта тәртіп сақшыларына баланың комаға түсіп қалғаны туралы хабарлама түскен. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, бала тіл тартпастан мерт болыпты.

Балаға жәбір көрсетті деген күдікпен оның әжесі қамауға алынды. Бүлдіршіннің мойнында белбеу мен иыққап іздері байқалған.

Айта кету керек, алты жасар бала әкесіз өсіп, ал анасы жұмысына беріліп, оған қарамай қойған. Сондықтан оны әжесі асырап келіпті.

Мамандар балаға үлкендердің ықыласы жетіспегендіктен, өте тынымсыз болуы мүмкін дегенді айтуда.

Ал егде жастағы әйелде психикалық ауытқулардың бар-жоғы анықталуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel