RU
Досының тік ішегіне түтікше тығып ойнаған жігіт қылмыскер атанды
Жаңалықтар Әлемде

Досының тік ішегіне түтікше тығып ойнаған жігіт қылмыскер атанды

Рассказать Вконтакте

Үндістанда фанера жасап шығаратын зауыттың жұмысшысы өзінің 40 жастағы әріптесімен ойнамақ болып, абайсызда өлтіріп алды. Ол әріптесінің тік ішегіне компрессор түтікшесін тығып алған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Дели қаласына жақын орналасқан фанера өңдейтін зауыттың жұмысшысы Аньян Мисра өзінің 40 жастағы Равиндер есімді әріптесін өлтіріп алды.

Белгілі болғандай, Равиндер жұмыс кезінде ылғи жыртық киім киіп жүрген. Ал оның әріптесі Аньян Мисра онымен ойнамақшы болып, компрессор түтікшесін Равиндердің тік ішегіне тығып жібереді.

Нәтижесінде, ойынынан өрт шыққан Аньян досының ішкі ағзаларына аса ауыр жарақат әкелген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Дереу ауруханаға жеткізілген Равиндердің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған. Оның сансыз ішкі жарақаттары оған өмір сүруге мүмкіндік бермей, ол сол күні жан тапсырған.

Болған оқиғадан кейін, зауыт жұмысшылары Аньянды дереу ұстап, полиция бөліміне өздері апарған. Қазіргі таңда, тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын тексеріп жатыр.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Айта кетейік, марқұм болған жұмысшы Аньянға екі жыл бұрын жұмысқа орналасуға көмектескен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір