RU
Бірнеше елдің басшысы Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жоқ
Жаңалықтар Әлемде

Бірнеше елдің басшысы Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жоқ

Рассказать Вконтакте

Өткен жексенбіде Ресейде кезекті сайлау өтіп, 76 пайыз дауыс жинаған Владимир Путин президенттік тағында қалды. Әлемдегі ірі саяси оқиғалардың біріне баланған Ресейдегі сайлаудан соң Путинді жеңісімен құттықтамағандар да бар.

Владимир Путин

Владимир Путин

Бұл туралы bloknot.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Петр Порошенко, Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета мен елдің премьер-министрі Тереза Мэй Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жоқ.

Владимир Путиннің жеңісіне көз жұма қарағандар қатарында Польша президенті Анджей Дуда, Австрия, Португалия, Исландия мен Балтық елдерінің президенттері және бірнеше елдің королі мен премьер-министрлері бар.

Ал ең бірінші болып Путинді Сербия президенті Александр Вучич құттықаған. Сондай-ақ, Ердоған мен Ангела Меркель де Путин үшін қуанышты екендерін жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
4
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel