Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлі-зайыптылардың сезімін қайта қалпына келтіретін 5 қадам қандай?

Опубликовано:

Күнделікті өмірде кездесетін мәселелер, балалар мен жұмыстағы даулар кесірінен көбінесе, ерлі-зайыптылардың сезімі құрдымға кетеді. Осындай жағдайда оны қайта қалпына келтіру жолындағы бес қадамды мамандар айтып берді деп хабарлайды psychologies.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

1. Жарыңызбен көбірек әңгімелесуге тырысыңыз

Жұбайыңыздың ықыласын күтуден шаршасаңыз, оған ренжуді тоқтату керек. Оның орнына күйеуіңізге аса қамқорлық танытып көріңіз. Егер жұбайыңыздың өзіңізге жылы қарағанын қаласаңыз, оған екі есе жылулық сыйлауыңыз керек. Сондай-ақ оған жүрек қалауыңызды айтып, бөлісіп отырыңыз. Себебі ер азаматтар әдетте, сіздің ойыңызды оқи алмайды.

2. Бір-біріңізге уақыт бөліңіздер

Балаларға қараймыз деп, көбінесе ерлі-зайыптылар жеке қалуды қояды. Дегенмен қандай жағдайда да, өз жартыңыз үшін уақыт бөліп, жақын сырласу кешіне шыққаныңыз жөн.

Ерлі-зайыптылардың қонаққа бірге баруы - бір-біріне деген құштарлықтарын оятып, одан бұрынғы сүйгенін қайта көруге көмектеседі.

3. Қамқорлық танытуды тоқтатпаңыз

Көптеген ер азаматтар әйелдерінің үйде өздеріне қарамай, көшеге шыққанда ғана боянып-сыланатынын жақтырмайды. Сондықтан қай уақытта болмасын өзіңізге қарап, жұбайыңызды да еркелетіп жүруді естен шығармаңыз.

4. Жұбайыңызды алғашқы орынға қойыңыз.

Адамдар өзінің маңыздылығы жоғалып кеткенін сезіне бастағаннан күйзеліске ұшырап, жаман ойларға бөлене бастайды. Сондықтан оған қалай жақсы көретініңзді, қарым-қатынасты қалай бағалайтыныңызды жзиі еске салып отырыңыз.

5. Сыңарыңызды әрдайым қолдайтыныңызды көрсетіңіз

Жұбайыңыздың түрлі қиындықпен күресуіне өзіңіздің қолдауыңыз керек. Егер ол сіздің басыңыхзға түскен ауыртпалықты түсінбей жатса, көмек сұраудан қысылмаңыз. Іштей ренжудің де қажеті жоқ. Оның орнына не қалайтыныңызды, қолдауының қаншалықты маңызды екенін айтып өтіңіз. Мұндай жағдайлар керісінше, қарым-қатынасыңызды берік ете түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1722608-erli-zajyptylardy-sezimin-kajta-kalpyna-keltiretin-5-kadam-kandaj/

pixel