RU
Әйгілі футболшы өзін "Құдай" деп атауды талап етті
Жаңалықтар Әлемде

Әйгілі футболшы өзін "Құдай" деп атауды талап етті

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі футболшы Златан Ибрагимович өзін патша деп атағандарға ашуланып, "Құдай" деп атауды талап еткен. Бұл туралы "Шальке" ойыншысы Бенжамин Стамбули мәлім етті деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Златан Ибрагимович

Златан Ибрагимович
Source: UGC

"Біз физиотерапия бөлмесінде теледидар қарап отырдық. Кенет ол эфирден өзі туралы айтылып жатқанын көрді де, менен аударып беруді өтінді. Журналистер оны "футбол патшасы" деп атаған болатын. Мұны естіген Златан: "Қайдағы патша? Мен құдаймын!" деп ашуланып, айғайлай жөнелді. Бұл жігіт тіптен ессіз!", - дейді Стамбули.

Еске сала кетейік, Златан Ибрагимович 2012-2016 жылдар аралығында ПСЖ құрамында ойнап, 156 гол соққан жалғыз футболшы ретінде клуб тарихында қалды.

Сіздің реакцияңыз
20
3
2
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel