RU

Ғалымдар мысықтың мияулағаны адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Америкадағы Миннесоталық университет ғалымдары мысық мияуының адам өміріне пайдасы көп екенін мәлімдеді деп хабарлайды РЕН Тв-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олардың айтуынша, мысықтардың мияулағаны жарақаттарды емдеуге өз септігін тигізеді.

Мысық мияуының жиілігі 25-150 герц арасында болса керек. Жиіліктің дәл осы көрсеткіштері сүйек пен бұлшық ет жарақаттарының анағұрлым тез жазылып кетуіне үлкен мүмкіндік береді дейді мамандар.

Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, мысығы жоқ адамдардың 40%-ы жүрек талмасы барлар қатарында болса, мысық асырайтын жандар күйзеліске аз түсетіндер тізімінен бой көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722613-galymdar-mysykty-miaulagany-adam-mirin-zartatynyn-dleldedi.html