Ұйықтап жатып қорылдайтын адамдар ауруға шалдығуы мүмкін
Австралиялық ғалымдар ұйықтап жатып қорылға басатын адамдардың қауіпті дертке ұшырау мүмкіндігі жоғары екенін анықтады. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі сурет
Профессор Элизабет Коулсонның сөзінше, ұйқы кезінде қатты қорылдайтын адамда ақыл-ойдың кемдігі анықталады. Сондай-ақ, қорылдайтын адамның Альцгеймер ауруына шалдығу мүмкіндігі екі есе жоғары екен.
"Қорылдаған кезде миға оттегі жетпей қалады. Осының салдарынан, жасушалар өле бастайды", - дейді ғалымдар.
Профессор қорылдайтын адамдарға қорылдың алдын алатын арнайы пластикалық құрылғыларды қолдануға шақырды. Бұл мидың оттегіні өз мөлшерімен алуына мүмкіндік береді.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
5
7
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір