RU
Министр тегін дәрі-дәрмектің науқастарға жетпей жатқанына алаңдады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Министр тегін дәрі-дәрмектің науқастарға жетпей жатқанына алаңдады

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі 20 000 емделушінің тегін дәрі-дәрмекті алған-алмағанын тексереді. Тексеру сәуір айына дейін созылмақшы деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Министр тегін дәрі-дәрмектің науқастарға жетпейтініне алаңдады

Министр тегін дәрі-дәрмектің науқастарға жетпейтініне алаңдады
Source: UGC

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды тегін дәрімен қамтамасыз ететін саланы тексеретінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең үкімет отырысында болған министр еліміздің көптеген аймағында мемлекет тарапынан тегін таратылуы тиіс дәрі-дәрмектің науқастарға жетпей жатқанын, ал жергілікті емханалар дәрі науқасқа берілді деп жазып жіберетінін баяндаған болатын.

"Желтоқсанда тегін дәрі-дәрмектің жетпей жатқаны туралы шағым түсті. Ал қаңтарда шағым қатары арта түсті. Тек қана фармация комитетіне 600-ден аса арыз-шағым түсті", - дейді Біртанов.

Министрдің айтуынша, тексеруден өткен 500 науқастың ішінде 100 емделуші тегін дәрі-дәрмекті алмағанын айтқан. Бірақ аймақтық емханаларда олар дәріні алған науқастың қатарында тұр.

"Бұл бізді уайымға салған мәселе. Енді біз 20 мыңға жуық емделушіні әкімдіктермен бірге тексеріп, тегін дәріні алған-алмағанын анықтайтын боламыз", - дейді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, елімізде 2,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекке мұқтаж.

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel