RU
Астанада қызметкерлерді балағаттаған шенеунік сөгіспен құтылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астанада қызметкерлерді балағаттаған шенеунік сөгіспен құтылды

Рассказать Вконтакте

Астанада қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар жазаланды, деп хабарлайды Sputnik агентті.

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет

Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері әдеп жөніндегі кеңеске басшысының үстінен ұжымдық шағым түсірген.

Департамент жетекшісінің орынбарасары Р.Шазадаев қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан. Әдепсіз қылық көрсеткен лауазымды тұлға сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек тағы бір шенеунік жазаланған. Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Исаев әріптесіне балағат сөздер айтқан. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде оған ескерту жарияланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel