RU
Ойынның қызығына батқан Шымкент әкімі балалармен асық ойнап кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ойынның қызығына батқан Шымкент әкімі балалармен асық ойнап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау бүгіннен бастау алды. Басқа-басқа бұл мерекені Шымкенттің әкімі тағатсыздана күткен секілді. Шара барысында балалармен бірге алаңсыз асық ойнаған ол көпшілік көзіне түсті, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті
Source: UGC

Бүгін Шымкентте "Қошқар ата Сейілі" фестивалі өтті. Шара барысында түрлі асыл тұқымды жануарлардың көрсетілімі, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Соның ішінде кіл мықтылар мойындарына қошқар көтеруден жарысты.

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті
Source: UGC

Фестиваль барысында ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар өтті. Әсіресе асық ату ойыны көпшілікті қызықтырып қойды. Олардың қатарында Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев та бар.

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті
Source: UGC

Жас ойыншылармен бірге ойынның қызығына кіріп кеткен қала басшысы өзін ұлттық ойынға біртабан жақындығын байқатты.

Шара соңында мереке қонақтарына арналып дастархан жайылды. Айта кетейік, ертең, 21 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мерекесіне арналған басты шара Қазығұрт ауданында өтпек.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel