RU
Атырауда 7 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда 7 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды

Рассказать Вконтакте

Қарабатандағы жатақханада болған өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде мердігер компания 50 миллион теңге бөлді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК

Фото: ІІМ ТЖК

Қаржы депозиттік шоттарға салынбақ. Компания қызметкерлерінің барлығы сақтандырылғандықтан, ешкім де өтемақыдан қағылмайды.

Ал осы қайғылы жағдайға байланысты құрылған үкіметтік комиссия өртке тоқпен жылытылатын пеш себепкер болды деген болжам жасап отыр.

"Жатақхана электрожылытқыштармен жылытылған. Содан тоққа артық күш түскен. Бірақ бұл нақты емес", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов.

Электр сымының қысқа тұйықталуынан тұтанған өрт сол маңда тұрған өзге де тұрмыстық заттарды шарпыған. Осы жағдайдан кейін жұмысшылар тұрып жатқан тағы да 6 жатақхананы тексерген комиссия олардың да қауіпсіздік талаптарына мүлдем сәйкес келмейтінін анықтапты. Енді сол кемшіліктер түзелмейінше, оларда тұруға тыйым салынды.

Еске салайық, қайғылы жағдай 2 наурыз күні "Қарабатан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Газ турбиналы электр станциясы салынып жатқан құрылыс алаңындағы жатақханадан шыққан еді. Жалпы аумағы 500 шаршы метрге жуық нысан түгел өртеніп, 7 адам қаза тапқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
1
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір