RU
Мереке қарсаңында Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Мереке қарсаңында Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті

Рассказать Вконтакте

Наурыз көже биыл былтырғыдан қымбатқа түсетін түрі бар. Себебі мейрамның басты асына пайдаланатын негізгі 7 қоспаның бәрінің бағасы өскен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: minber.kz

Фото: minber.kz
Source: UGC

Мейрам қарсаңында дәнді-дақылдар, ет пен айранның саудасына сараптама жасаған мамандар осылай деп отыр.

Мысалы, тұз республика бойынша орташа есеппен 51 теңгеден сатылып жатыр. Бір жыл бұрынғы бағамен салыстырсақ 7 жарым пайызға өскен. Ұнның келісі 150 теңге. 0,4 пайызға қымбат. Наурыз көженің негізгі дәмдерінің бірі -тары да 1,3 пайызға шарықтап, 209 теңгеге жеткен.

Сүт өнімдері де қымбат. Айранның литрі 273 болса, сары майдың келісі 2 мың теңгеге жуықтапты. Еттің де бағасы ұшып тұр. Мысалы жылқы еті 7,6 пайызға, сиыр мен қойдыкі 10 пайызға дейін қымбаттаған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel