RU
Оралда азаптап өлтірілген кәсіпкер әйелдің денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда азаптап өлтірілген кәсіпкер әйелдің денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Оралда ішкі істер басқармасының маңынан азаптап өлітірген әйелдің денесі табылды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралда азаптап өлтірілген кәсіпкер әйелдің денесі табылды. Фото:Русская весна

Оралда азаптап өлтірілген кәсіпкер әйелдің денесі табылды. Фото:Русская весна

Оның денесін тура қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының маңынан тапқан. Іздестіру шараларының нәтижесінде, марқұмның 50 жастағы жергілікті кәсіпкер екені анықталған.

Қаза тапқан әйел бірнеше жыл бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ет сатқан. Кейін пәтерлерді жалға берумен айналысыпты. Табыскер әйел жалғыз қызын да өзі тәрбиелеп, Астанадағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсірген екен. Көршілерінің айтуынша, ол ешқақан жаман қылық танытпаған. Сол күні де «Қазір келемін» деп шығып кеткен.

Айта кетейік, келіншектің сол күні түнгі клубқа барғаны белгілі болған. Осы арқылы полицейлер бейнебақылауды тексерген. Нәтижесінже, күдікті қолға түскен. Оның жасар жергілікті тұрғын екені анықталды. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, оған жауыздықпен адам өлтірді және зорлады деген айыптар тағылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
11
4
18
1
8
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel