RU
Ресейлік ер азамат өзінің 15 жастағы сүйіктісіне пышақ сұғып алды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейлік ер азамат өзінің 15 жастағы сүйіктісіне пышақ сұғып алды

Рассказать Вконтакте

Кемеров облысында 27 жастағы ер адам сауық кеші кезінде өзінің сүйіктісіне пышақ сұғып алды. Алайда, бойжеткен тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем шақырудан бас тартты деп xабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Кемеров ауданының соты кәмелетке толмаған 15 жастағы сүйіктісіне пышақ жарақатын жасаған 27 жастағы ер адамға қатысты істі қарастырып жатыр. Бұл туралы тергеу басқармасының баспасөз қызметі xабарлады.

Белгілі болғандай, жылдың басында ғашықтар достарының үйіне қонақ болып барған. Көңілді сауық кешінде масайып қалған ер жігіт өз сүйіктісін өмірге үйретпек болды. Ол оған оқуға көбірек мән беру керектігін түсіндіріп жеткізгісі келген.

Алайда, бойжеткенге бұл ақыл-кеңестер ұнамай, ғашығына дөрекі түрде жауап қайтқан. Мұнысына шыдамаған ер адам қызды бетінен шапалақпен тартып жібереді. Сәйкесінше үлкен жанжал мен төбелес орын алады.

Арпалысып жатқанда 27 жастағы ер азамат бойжеткеннің ішіне пышақ сұғып алған.

Ер жігіт бірден сүйіктісіне алғашқы медициналық көмек көрсетпекші болып, тіпті жедел жәрдем шақыруға бекінді. Бірақ бойжеткен кәсіби мамандар көмегінен бас тартты. Ол сүйіктісін бұл үшін қамап қояды деп қорықса керек.

Дегенмен, жедел жәрдемді бәрібір шақыруға тура келді. Оны пәтер есігінің алдында нашар xалде жатқан қызды байқап қалған көршілер шақырған.

Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ал 15 жастағы бойжеткен тергеушілерге өз сүйіктісіне ешқандай кінә артпайтынын жеткізді.Оқиға орын алғандықтан ер адам өз қылмысы үшін жазасын алуға тиіс дейді полиция қызметкерлері

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір