RU
Оңтүстік Африкада бес жасар қыз әжетханаға түсіп, батып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Оңтүстік Африкада бес жасар қыз әжетханаға түсіп, батып кетті

Рассказать Вконтакте

Африкалық мектептің бірінші сынып оқушысы әжетханаға түсіп кетті. Кішкентай қыз қоқыс орнынан шыға алмай, оқиға орнында жан тапсырды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қайғылы оқиға Бизан қаласындағы «Луна» мектебінде орын алған. Қоңырау кезінде әжетханаға шығып кеткен бірінші сынып оқушысы Лумка Мхетва, сыныпқа қайта оралмады.

Бірден дабыл қаққан мұғалімдер қызды біреулер ұрлап кетті деп ойлап, оны іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Кішкентай қыздың денесі ертесіне, әжетхана шұңқырын тазартқаннан кейін табылған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Лумка Мхетваның әкесі қызының өзі секіріп кеткеніне сенбейді. Себебі, оқушының денесі табылғанда, оның үстінде іш киімі болмаған көрінеді.

Әкесінің айтуынша, Лумка мектепке барғанына сондай қуанышты болған. Дәл сол күні әкесінің бетінен сүйіп, тәртіпті оқушы боламын деп сендірсе керек.

Қайғыдан қан жұтқан әке қызын біреу итеріп жіберді деп күдіктенеді. Оның айтуынша, Африкада мұндай жастағы оқушыларды жалғыз өзін әжетханға жібермейді. Осы тұрғыда мектеп қызметкерлеріне қояр сұрағым жеткілікті дейді ол.

Африка билігі тергеу жұмыстарының барынша әділетті өтуі үшін бар күшін салатынын айтты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір