RU

Отандық әнші халықтан Төреғали Төреәлі үшін кешірім сұрады

Төреғали Төреәлінің ән кешіне қарағандылық жастар қарсы шыққан болатын. Алайда әншінің әріптесі Нұржан Керменбаев өзінің жеке концертінде көпшіліктен ол үшін кешірім сұраған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық әнші халықтан Төреғали Төреәлі үшін кешірім сұрады. Фото: NUR.KZ
Отандық әнші халықтан Төреғали Төреәлі үшін кешірім сұрады. Фото: NUR.KZ: UGC

Әншіні әріптестері әлдеқашан кешіріп қойған. Тіпті Төреғалидың атынан көпшіліктен кешірім де сұраған.

«Төреғалидің өзі білмейтін шығар. Жақында ғана мен де Қарағандыда концерт беріп қайттым. Сол кезде Мақпал Жүнісова апамыз ұқсап, мен де кешірім сұрадым. Сондықтан Төреғалидің ән кешіне сәттілік тілеймін», - деді Керменбаев.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің халықтан кешірім сұраған концерті 21 наурызда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722679-otandyk-nsi-halyktan-tregali-treli-sin-kesirim-srady.html