RU

Канело өзін "допинг қолданды" деп айыптаған Головкинді балағаттап тастады

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзін "допинг қолданды" деп айыптаған қарсыласы Геннадий Головкинге дөрекі жауап берді деп жазады Sports.kz.

Канело
Instagram желісіндегі «тарихтар» бөлімінде Альварес жаттығу барысынан видео-үзінділер орналастырып, балағат сөздері бар жазбалар қалдырған.

Головкинге арналған бұл посттар «Канелоның» мүддесіне өкілдік ететін Golden Boy промоутерлік компаниясының аккаунтында жарияланды.

Айта кетерлігі, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722739-kanelo-zin-doping-koldandy-dep-ajyptagan-golovkindi-balagattap-tastady.html