Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік жұрты Наурызды киелі Қазығұрт тауында дүркіретіп тойлады

Опубликовано:

Қасиетті Қазғұрт тауы - жалпақ жұрт үшін "Кеме қалған" атымен танымал. Аңыздарға сүйенсек, тіршіліктің нәрі осы қасиетті жерден басталған. Биыл Оңтүстік жұртшылығы жыл басы Наурызды Қазығұрт тауының етегінде атап өтті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қазығұрт
Қазығұрт тауы: UGC

Тіршіліктің бастауы Қазғұрт тауы туралы аңызға тоқтала кетсек. Нұһ пайғамбардың өзіне Алла Тағаладан топан су болатыны туралы хабар келіп, табиғаттың апатынан аман қалу үшін кеме жасауға бұйрық беріледі. Көп ұзамай жердің тиегі ағытылып, су бұрқылдай атылып, аспаннан көк нөсер жаңбыр жауып, жер бетін топан су қаптады. Осы кезде Нұһ пайғамбардың артынан ерген адамдар ғана аман қалады. Ал көпшілікті топан судан аман алып қалған кеме қасиетті Қазғұрт тауына аялдаған екен.

"Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні екен. Пайғамбар топан су апатынан аман қалғанына шүкіршілік етіп, Құдайы тамақ бермек болады. Кемедегі азық-түлікті қараса, қап түбінде алақандай ет, бір-екі құрт, бір уыс бидай мен жүгері, тары, су, бір шөкім тұз қалыпты. Нұх Пайғамбар: «Тәуекел!» –дейді де, барлығын қазанға салып пісіреді. Жан-жануар, аң-құс жиналып, Пайғамбар қазанынан дәм татады. Содан бері Нұхтың бұл тағамы «Тілеу көже» немесе «Наурыз көже» деп аталыпты", - дейді өлкетанушы Құралбек Ергөбек.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазғұрт тауының етегі абаттанып, туристік орталыққа айналмақшы. ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы қасиетті мекеннің келешекте үлкен тарихи орынға айналатынын атап өтті.

Қазығұрт

Дәлірек айтқанда, киелі Қазғұрт тауының аймағында Кемеқалған нысаны ашылмақшы. Туристер үшін бой көтеретін жаңа нысанның қазығын облыс басшысының өзі қақты. Айта кетерлігі, бұл игілікті іс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында іске аспақ.

"Алдағы уақытта Қазғұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай, Қазғұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазғұрттың биігіне орнатылмақ.Мұнда музей, қонақ үй,мейрамхана,көру алаңдарының құрылысы қарастырылады.Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру,тынығу демалыс алаңдарын жасау жұмыстары бар",-дейді ОҚО әкім Жансейіт Түймебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722760-otstik-zrty-nauryzdy-kieli-kazygrt-tauynda-drkiretip-tojlady/

pixel