RU
Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан шығуға тыйым салды
Жаңалықтар Қоғам

Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан шығуға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында барлық әкімге Наурыз мейрамы кезінде өз қаласы мен ауданының аумағынан кетуге тыйым салынды. Облыс әкімі Даниал Ахметов барлық басшыға осыны бұйырды деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Даниал Ахметов

Даниал Ахметов
Source: UGC

"Наурызда бірде бір әкім ешқайда кетпейді. Әр қала мен аудан әкімі мереке күндері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады", — делінген хабарламада.

Аймақ басшысы су тасқыны маусымына байланысты бірнеше ауданға ерекше назар аударуды тапсырды.

"Жарма ауданындағы Шар ауылында қар жамылғысының нормасы әлі күнге дейін орташа жылдық нормадан 30%-ға асады. Әсіресе Шар өзенінің арнасы мен Семей-Қалбатау автожолының бойында төменірек орналасқан елді мекендерге ерекше назар аудару керек. Ал Үржар ауданында тау баурайында қар жамылғысы сақталған. Оңтүтік өңірдің күрт жылынып кетуін ескерсек, онда ерекше бақылау қажет", — деді әкімдіктегілер.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау үшін жұмыс топтары құрылған, тікұшақпен аралап ұшу бағыттары жоспарланды.

Ахметов қала басшыларына орынбасарларымен бірге арықтар мен су ағызатын траншеялардың жұмыс схемасын, сондай-ақ қалалардағы кәріз жүйесін егжей-тегжей зерттеуді тапсырды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі өңірде су тасқыны жағдайы бақылауда екенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
5
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel