RU
Жүкті әйелдердің өліміне жиі себеп болатын дерт туралы не білеміз?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жүкті әйелдердің өліміне жиі себеп болатын дерт туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Жүкті әйелдер арасында ең көп тараған қаназдық формасы – темір тапшылығы анемиясы. Жүргізілген зерттеуге сәйкес, аяғы ауыр әйелдер өлімін екі есе ұлғайтуға осы дерт себеп болып отыр деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүкті әйелдердің өліміне жиі себеп болатын дерт туралы не білеміз?

Жүкті әйелдердің өліміне жиі себеп болатын дерт туралы не білеміз?

The Lancet Global Health британия медициналық журналында шыққан зерттеу мақалада анемия мен ана атануға дайындалып отырған әйелдер арасындағы байланыс туралы ақпарат жарияланды

«Жүкті әйелдер өлімі мен анемияның қаншалықты байланысы бар екені, эритроциттердің аяғы ауыр әйелдерге әсері туралы зерттеу басты мақсатымыз болды», - дейді зерттеу авторларының бірі Джахнави Дару.

312 281 жүкті әйел зерттеліп, оның 4 189-ы ауыр анемияға шалдыққаны анықталған. Ал оның 341-і мерт болған. Сондықтан ана өлімі мен ауыр анемияның тікелей байланысы бар деген қорытынды жасалды.

Соңғы он жылда ана денсаулығы қалпына келгенімен, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2015 жылы бала туу кезінде 300 000 әйелдің көз жұмғанын хабарлады. Ең өкініштісі, жүкті әйелдердің өліміне себеп болған дерттердің көпшілігін емдеуге болады.

Соның бірі – қаназдық. Одан әлемнің әр түкпірінде 500 млн әйел зардап шегеді. Ал жүктілік кезінде иммунитеті әлсірейтін әйелдер қаназдыққа өте тез душар болады екен.

Жүкті әйелдердің аталмаған дерттен дер кезінде емделмей, көз жұму факторлары көбінесе дамушы елдерде тіркелген. Мәселен, 2015 жылы алдын-ала ем қабылдамағандықтан, анемиядан Нигерияда 58 000, Үндістанда 45 000 жүкті әйел мерт болған.

«Бұл зерттеу саясаткерлерге арналған жолдау сияқты. Яғни, арнайы бағдарлама қабылданып, дамушы елдерде жүкті әйелдер денсаулығына тиісті деңгейде көңіл бөлінсе, ана мен бала өлімінің алдын алуға болады», - дейді Джахнави Дару.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
5
2
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір