RU

Сүйіктісін өлтіріп, жүрегі мен өкпесін қайнатқан ер адам жаға ұстатты

Красноярск қаласында 35 жастағы ер адам 27 жастағы сүйіктісін өлтіріп тастап, жүрегі мен өкпесін қайнатқан деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сүйіктісін өлітріп, жүрегі мен өкпесін қайнатқан ер адам жаға ұстатты
Сүйіктісін өлтіріп, жүрегі мен өкпесін қайнатқан ер адам жаға ұстатты: UGC

Ер адам бойжеткенге бірнеше жерінен пышақ жарақатын салып, салдарынан ол оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Мұнан кейін ол бойжеткеннің жүрегі мен өкпесін кесіп алып, қайнап жатқан суға салып жіберіпті.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам жедел жәрдем шақырып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауруханаға жеткізіпті.

Қазіргі уақытта ауданаралық клиникалық аурухананың дәрігерлері ер адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Анықталғандай, ер адамның мұндай сұмдық әрекетке баруына сүйіктісімен арадағы жанжал себеп болыпты. Сонымен қатар ер дам жанжал кезінде мас болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722797-sjiktisin-ltirip-zregi-men-kpesin-kajnatkan-er-adam-zaga-statty.html